Коронавирус: Екпе алған жасөспірімдерге вакцина паспорты беріле ме

«Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпе алған балаларға вакцинация паспортын беру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Дегенмен екпе алып жатқан жасөспірімдер тіркеліп жатыр. Иә, балаларға арналған вакцинация паспорты туралы сұрап жатқан азаматтар бар. Коронавирусқа қарсы вакцина балаларға кішкентай кезінде салынатын егу секілді, әр баланың егу паспорты бар. Сондықтан вакцина алғаны туралы бөлек паспорт берудің қажеті шамалы. Ал Ashyq жүйесіне келсек, ол тек үлкен адамдарға қатысты», - деді А. Цой.
Бұған дейін министр Қазақстанда «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасын өндіру мүмкіндігі туралы айтты.
Сондай-ақ, ведомство басшысы «елімізде жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма?» деген сауалға жауап берген еді.
Одан бөлек, Алекцей Цой Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтты.