Коронавирус: Қазақстанда 12 науқас қайтыс болды, 521-інің жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 21 951 адам (20 890 КВИ+ және 1 061 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 368 пациент – стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 521 адамның жағдайы ауыр,

- 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ министрліктің 9 маусымдағы соңғы ақпаратына сәйкес, Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 12 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар