08:33, 12 Шілде 2021 | GMT +5
Коронавирус: Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.