10:09, 07 Сәуір 2021 | GMT +5
Коронавирус: Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.