Коронавирус: Омикрон нұсқасы Дельта штамына қарағанда жұғу жылдамдығы 36% жоғары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа Омикрон нұсқасының таралуы туралы деректерді талдау барысында дәрігерлер оның SARS-CoV-2 бастапқы нұсқасынан екі есе жұқпалы, ал дельта штамынан 36% жылдам жұғады деген қорытынды жасады. Талдау нәтижесі medRxiv сайтында жарияланды.

Омикрон - коронавирустың жаңа түрі (B. 1.1.529). Ол Оңтүстік Африка мен Африканың басқа мемлекеттерінің аумағында осы жылдың күзінің соңында тарала бастады. Қазір әлемнің 80-нен астам мемлекетінде анықталды. Ғалымдардың пікірінше, Омикрон Дельта штамына қарағанда әлдеқайда жұқпалы, бірақ әзірге дәрігерлер бұл тұжырымды толық растау үшін жеткілікті мәліметтер жинаған жоқ.

Жаңа зерттеуде Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Джеффри Шаманның басшылығымен америкалық дәрігерлер бұл олқылықтың орнын толтырды. Ғалымдар Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы соңғы бірнеше аптадағы мәліметтерді талдады.

Осы деректерге сүйене отырып, зерттеушілер Оңтүстік Африкада SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін құрастырды. Онда жергілікті дәрігерлердің инфекцияны қаншалықты жиі анықтағаны, ПТР сынақтары және вирус үлгілеріне геномдық талдау жүргізілгені ескерілді. Шаман мен оның әріптестері пандемияның бірінші және кейінгі толқындары кезінде COVID-19 қоздырғышының қалай тарағанын салыстырды.


Соңғы жаңалықтар
telegram