08:53, 10 Ақпан 2023 | GMT +6
Коронавирус пен пневмонияға тағы 104 адам шалдықты – министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы – 94, коронавирус белгілері бар пневмония 10 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
10 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 649 адам (коронавирус (ВКИ+) –1 484, пневмония (КВИ-) – 165) емделіп жатыр. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 10 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр.
Айта кетейік, 8 ақпандағы тәулік ішінде коронавирус - 114, пневмония 9 адамнан анықталған болатын.