10:05, 21 Ақпан 2021 | GMT +5
Коронавирус: СҚО «жасыл» аймаққа өтті, «сары» аймақта 5 өңір қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ.
«Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары тұр.
Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.