Коронавирус: Вьетнамда антирекорд тіркелді. Косовода «дельта» штамын жұқтырғандар көбейген

Вьетнамда тәулігіне 13 мыңға жуық жағдай тіркелді.
Бұл COVID-19 инфекциясының жаңа рекорд тәуліктегі өсуі - 12 920 адам вирус жұқтырған. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 25 тамызда 12 096 вирус жұқтыру жағдайы анықталған. Пациенттердің барлығы дерлік ел ішінде індет жұқтырды. Ең көп науқастанғандар Оңтүстікте анықталды: Хошиминде 5 383 жағдай, Биньзонг провинциясында 4 187, Донгнай провинциясында 996 жағдай. Осылайша, Вьетнамдағы сырқаттанғандардың жалпы саны 410 366 адамға дейін өсті, 10 053 адам қайтыс болды.
Косово ұлттық денсаулық сақтау институты COVID-19 туралы күнделікті статистиканы жариялады. ПТР сынақтарының 12 564 үлгісінен 2 098 коронавирус тасымалдаушысы анықталды, олардың көпшілігі «дельта» штамын жұқтырған. Косово Үкіметінің өкілі Бесник Бислими елге коронавирустық вакцинаның 650 000 дозасы келеді деп күтіліп отырғанын айтты. Германия 150 000 доза жөнелтсе, қалған жарты миллион доза АҚШ-тан келеді. Вакциналардың екі партиясы да Covax халықаралық бастамасы аясында Косовоға жеткізіледі.