09:29, 20 Наурыз 2021 | GMT +5
Коронавирус жұқтырған 250 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 20 583 адам короновирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 250 адамның жағдайы ауыр;
• 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.