Коронавирус жұқтырған 3 адам Шиелі мен Жаңақорғанда тұрады - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус диагнозы қойылған үш науқастың қандай ауданнан екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті. Науқастардың 2-і Шиелі ауданынан болса, 1-і Жаңақорған ауданында тұрады. Олардың барлығы бұрын карантиндік бақылауда болған азаматтар.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 119 науқас бар. Айта кетерлігі, облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 1449 адам анықталған. Оның 802-і жақын қарым-қатнаста болғандар, 647-і провизорлық байланыста болған азаматтар.

«Облыс бойынша инфекциялық стационарға - 119, провизорлық стационарға - 57, карантиндік стационарға -556 азамат жатқызылған. Олардығ жалпы саны 731 адамды құрайды. Қазір облыста 1-Б категориясы елдерінен келген 46 адам бар, олар 5-і карантинде, 41-і үй жағдайында бақылауға алынған», - деді Ж.Абдасаметов.

Еске сала кетейік, қазір Қызылорда қаласы мен бірқатар аудандарда шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланған.


Соңғы жаңалықтар