08:47, 30 Маусым 2021 | GMT +5
Коронавирусқа шалдыққан 500-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде 24 822 адам коронавирус инфекциясынан (23 526 КВИ+ және 1 296 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 453 пациент стационарда, 17 369 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 493 адамның жағдайы ауыр,
- 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.