Коронавирустан балалар арасында өлім-жітім болған жоқ – Денсаулық министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус жұқтырған жүзден астам бала ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі таңда республика бойынша коронавирус жұқтырғаны расталған 73,4 мыңнан асты. 61,8 пайызы емделіп шығып отыр. Пневмониямен ауырып жатқан адамдардың саны ауруханаларда 8 мыңға жуық. Осы 8 мың науқастың ішінде мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір жүзден астам бала емханада ем алуда. Балалар коронавирус инфекциясының өте жеңіл түрімен ауырып жатыр. Балалар арасында осы инфекциядан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 59 медициналық қызметкер көз жұмғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар