10:11, 25 Қаңтар 2021 | GMT +6
Коронавирустан емделіп жатқан 311 пациенттің жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 360 адам короновирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 6 827 пациент - стационарда, 20 533 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 311 адамның жағдайы ауыр;
• 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.