09:50, 03 Сәуір 2021 | GMT +5
Коронавирустан емделіп жатқан 377 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 3 сәуірдегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 821 адам коронавирус инфекциясынан (25 362 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 9 554 пациент стационарда, 17 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 377 адамның жағдайы ауыр;
• 98 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.