08:52, 28 Шілде 2021 | GMT +5
Коронавирустен емделіп жатқан 1 500 адамның жағдайы ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 шілдедегі мәлімет бойынша 89 058 адам коронавирус инфекциясынан (86 911 КВИ+ және 2 147 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде:
24 748 пациент стационарда,
64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 500 адамның жағдайы ауыр,
319 пациенттің жағдайы өте ауыр,
160 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.