Қоршаған орта және су ресурстары министрі Қызылорда облысының аудандарын аралады

ҚЫЗЫЛОРДА.13 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың Қызылорда облысына қызметтік іссапары өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев Шиелі ауданындағы Бала-Сауысқандық кенішінде ванадийлі кварциттерді өндіру және өңдеу зауытына барып, ванадий өндірудің технологиялық процесімен танысты. Зауытта аумақта металлургиялық кластерді дамыту барысында табиғатты қорғау шараларын іске асыру мәселелері талқыланды. Бұдан кейін олар Жаңақорған ауданындағы Шалқия кен орнына барып, жылына 4 миллион тонна қорғасын-мырыш кенін өңдейтін кен байыту фабрикасының құрылысымен, кенішті кеңейту жобасын дайындап жатқан «Шалқия Цинк ЛТД» кәсіпорнының қызметімен танысты. ТОО «СКЗ-U» зауытында министр вахталық кентте, күн электр стансасында, сондай-ақ, кәсіпорынның энергетикалық кешенінде болып қайтты. Сонымен қатар Н.Қаппаров күкірт қышқылын шығаратын зауыттың технологияларымен танысты. Бұл кәсіпорынның өндірісі экологиялық тазалығымен ерекшеленіп, Қазақстанның атомдық өнеркәсібін дамытудағы маңызы зор нысан болып табылады. Келесі кезекте Н.Қаппаров және Қ.Көшербаев Сырдария өзені бойында маталық материалдардан жасалған үрлемелі су тоғанын іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл нысанның құрылысына ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі республикалық бюджет қаражатынан 1 миллиард теңге бөлген болатын. Бұл құрылыс ауданда каналдар мен гидротехникалық ғимараттарды жаңғырту жобасының екінші кезегін жүргізу аясында іске асырылды. Нысанның іске қосылуы жылына 500 миллион текше метрге дейінгі көлемде суды үнемдеуге мүмкіндік туғызып, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету ісін едәуір жақсартады.
Соңғы жаңалықтар