Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын қаражат 37% өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаражат 37,2% өсті. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

табиғат
Фото: Pexels

2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығын 610 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге).

Шығынның ең үлкен көлемі Ақмола облысында тіркелді — 127,7 млрд теңге, бұл — жалпы көлемнің 20,9 пайызы. 

Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары.

Табиғат қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында — 1,5 млрд теңге.

Табиғат қорғау шығынының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған.

Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологиясына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығын жалпы көлемнің 33,2% құрады. 

Қалдықтарды басқаруда — 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында — 20%. 

Соңғы жаңалықтар