Қоршаған ортаны қорғау министрі Павлодар облысында экологияны қорғау шараларына бөлініп жатқан қаржының тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Павлодар облысында табиғатты қорғау шараларына бөлініп жатқан қаржылар тиімсіз жұмсалып жатыр. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бүгін Ақсу ферроқорытпа зауытында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен кеңесте мәлім етті.
None
None

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың бүгін Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүргенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Министрдің мәліметі бойынша, облыс кәсіпорындары 2008 жылы табиғатты қорғау шараларына 15,3 миллиард теңге, 2009 жылы - 10 миллиард теңге жұмсаса, ағымдағы жылға - 9,1 миллиард теңге жоспарланып отыр. 2008 жылы облыс бюджетінен 4 миллиард теңге экологиялық төлем түссе, 2009 жылы - 4,4 миллиард теңге, 2010 жылы - 5,4 миллиард теңге түсіп отыр. «Яғни, экологияға ақша бөлінуде, бірақ олар қалай жұмсалып жатыр? Табиғатты қорғау шараларына бөлініп отырған қаржылар тиімсіз жұмсалуда, негізінен құжаттар әзірленеді, бірақ ол құжаттар кейіннен ескіріп, үш жылдан кейін жай қағазға айналып жатады. 2008 жылы 375 миллион теңге бөлінген, бірақ жүзеге асырылмай, тек құжат түрінде қалған», - деп қынжылды министр Н.Әшімов.

Соңғы жаңалықтар