Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов пен оның екі вице-министріне қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданды.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың мамыр айының 23-і күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Сәрсембаев пен Біралиевке және «Меркурий плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Жайылғановаларға қатысты қылмыстық іс қорытындыланып, прокуратураға жолданған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум