Көрші елдер су жібермеген соң Шардарада су деңгейі 5 есе азайып кетті

Шардара су қоймасындағы су деңгейі төмендеп барады. Қазіргі кезде судың көлемі бес есе азайып кеткен.
Мамандар бұл мәселені қоймаға келетін су көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Яғни, көршілес елдерден келетін судың азаюынан қажетті су қоры жиналмаған.
«Жалпы Шардара су қоймасының сыйымдылығы - 5 млрд 200 млн текше метр. Бүгінгі күні мұнда 816 млн текше метр су бар. Ал, өткен жылы осы мерзімде 1 млрд 289 млн текше метр су болған. Қазіргі кезде Қызылқұм каналына секундына - 10 текше, Сырдарияға - 100 текше су жіберіліп жатыр» - деді «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы Шардара бөлемшесі бастығының орынбасары Ермек Иса.
Өзекті мәселе жөнінде облыс әкімдігі стратегиялық нысанға жауапты су ресурстары комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігін дер кезінде хабардар еткен.
Министрлік тарапынан көрші елдермен келіссөз жүргізіліп, шекті деңгейге жеткізбеудің амалдары жасалып жатыр.
Соның нәтижесінде қыркүйек айында судың мөлшері көбейеді деген болжам жасалып отыр.
Айта кететіні, су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша елімізде үшінші орында.