Көршісінің жылқысын уландырған Алматы облысы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көршісінің жылқысын уландырған ауыл тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

Алматы облысы Райымбек ауданы Нүсіпбеков ауылының тұрғыны жергілікті полицейлерге көршісінің оның жылқысын қасақана улағанын айтып шағымданған.

Мәселенің анық-қанығын анықтағанда, жануардың уланғаны расталды.

Күдікті ұсталып, аудандық ІІБ-іне жеткізілді. Полициядан хабарлағандай, ұсталған адам өткен жылы мал азығын әзірлеу кезінде көршісінің малы оған тиесілі егінді үнемі таптағанын айтқан. Оның көптеген ескертулерін ауылдасы құлағына да ілмепті. Сөйтіп күдікті осындай әрекетке баруға бел буған. Жапа шегушіге келтірілген залал 250 мың теңгеге бағаланды. Екі тараптың да уәждерін тыңдаған полицейлер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар
telegram