22:33, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Қос ұлын өлтірген әке өмірін темір тордың арғы жағында өткізетін болды - ОҚО
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Е.Алжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабы 2-бөлігінің «а,в,о» тармақтарымен айыпты деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, 2013 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 00:30 минут шамасында ОҚО Созақ ауданының тұрғыны сотталушы Е.Алжанов өз үйінде өзінің төрт және екі жасар ұлдарын ұйықтап жатқан кездерінде пышақтап өлтірген. Алғашында ол төрт жасар баласының жүрек тұсына төрт жерден пышақ салып, содан кейін мойын тұсынан бауыздаған. Одан соң екі жасар ұлының да жүрек тұсына төрт жерден пышақ салып, мойын тұсынан орып жіберген.