Қос жасөспірім Рудныйдағы түзету орталығынан қашып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Полиция қала тұрғындарынан екі жасөспірімді іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

7 сәуірде Рудный қаласының полициясына «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығында» екі тәрбиеленушінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден қашып кетті.
— Қазіргі уақытта оларды іздестіруге 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді. Қазір Қостанай ауданының жақын ауылдарында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, өйткені жасөспірімдерді соңғы рет Сергеевка және Константиновка ауылдарында көрген, — деп хабарлады Қостанай облысы ПД.
Полицейлердің айтуынша, олар жаяу жүр.

Бұған дейін 15 жастағы жасөспірімнің тағы да қашқаны белгілі болды.

Қостанай облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 телефонына хабарласуға шақырады.
Осыған дейін Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны соққыға жыққаны анықталды.