«Көшбасшы жолы. Астана» киноэпопеясының соңғы түсірілімі жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Көшбасшы жолы. Астана» киноэпопеясының соңғы түсірілімі жүріп жатыр, бұл туралы фильм режиссері Ақан Сатаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшбасшы жолы. Астана» киноэпопеясының соңғы түсірілімі жүріп жатыр

«Кеше Астанада фильмнің басты кейіпкерлерімен, Англиядан келген гримшілер және басқа да түсірілімнің алғаш күнінен бастап бірге еңбектенген мамандармен соңғы түсірілім сәті болды. Байқағаным, түсірілім аяқталатын күн тақап, қаншама уақыт бірге жұмыс істеген адамдармен қоштасу сәті жақындаған сайын қимастық сезімі күшейе түседі, себебі ол адамдармен айлап, ыстық пен суыққа қарамастан түсірілім алаңында бірге жүріп, бірге еңбектеніп, фильм түсірдік», - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев Фейсбуктегі парақшасында. 

Жазба соңында режиссер түсірілім жобасына қатысып, жұмысын аяқтаған барлық жандарға алғысын білдіріп «келесі түсірілім алаңында кездескенше» деді.

Айта кетейік, бұған дейін «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының 5 бөлімі қазақстандықтардың назарына ұсынылған болатын. Ал «Көшбасшы жолы. Астана» кинотуындысы осы жылдың соңында жарыққа шығады деп жоспарлануда