Көшеде аю жүрді: ШҚО-дағы Серебрянск қаласының тұрғындары аю тағы келе ме деп үрейленеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласының тұрғындары аю тағы да көше ішіне кіріп кете ме алаңдап отыр.

Гималайская медведица поселилась в Карагандинском зоопарке
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

19 тамызда Серебрянск қаласының орталығында емін-еркін аю жүрген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. 

Әкімдік сол кезде түз тағысын іздеуге полицейлер мен орман инспекциясы мамандары жұмылдырылғанын мәлімдеген. Олар көп ұзамай табылған аюды елді мекеннен басқа жаққа шығарып жіберді.

Десе де қала халқы Ертістің арғы жағасында аюдың көп жүргенін айтып, түз тағысы тағы да көшеге кіріп кете ме деп қорқатындықтарын айтып жатыр. Бұған қатысты жергілікті әкімдіктен жауап берді.

- Қазір тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аюлар қала іргесінен алыста. Десе де жағдай туралы жедел әрекет ету тобы хабардар етілген. Жақын арада инспекторлар келіп, мониторинг жүргізеді, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда түйелерді қарақұрт шаққаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар