Көшеде дәрет сындырған Астана тұрғыны тұтқындалды

«21 тамызда сағат 13.20-да Астана қ. ІІД ЖПБ жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері Есенберлин көшесі бойынша торуыл кезінде көшеде дәрет сындырып тұрған жас жігітті қолға түсірді», - делінген хабарламада.
Бұзақы 30 жасар елорда тұрғыны, ол кінәсін бірден мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Келесі күні Астана қ. мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жас жігіт 1 тәулік мерзімге әкімшілік тұтқын түрінде жазаға тартылды. Ол жазасын Астана қ. ІІД әкімшілік тұтқындалғандарға арналған арнайы қабылдағышта өтейді.
Астана қ. ІІД ЖПБ деректеріне сүйенсек, бүгінде ұсақ бұзақылыққа қатысты сотта 3,5 мың материал қаралды, оның ішінде 500-ге тарта адам тұтқындалды, тағы 3 мыңы 3-тен 10 АЕК көлемінде жалпы сомасы 9,5 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төледі.