Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге 14 млн. теңге айыппұл салды

АСТАНА. Қазақпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің Көші-қон полициясы ағымдағы жылдың 9 айында ҚР көші-қон заңнамасының талаптары бұзылуына жол бермеу мақсатында Департаменттің қызмет көрсету аумағындағы көші-қон процестерін бақылауды қамтамасыз ететін ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге 14 млн. теңге  айыппұл салды

Департаменттің Көші-қон полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғани Шымырбаевтың айтуынша, Департаменттің қызмет көрсету аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 34 қылмыстық іс қозғалды, оның 14-і мемлекеттік шекарадан заңсыз өткендер, 6-уы (ҚР ҚК 330-1бабы) заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар (ҚР ҚК 330-2 бабы).

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке барлығы 1562 азамат тартылды.

Сот қаулыларымен Қазақстан Республикасының аумағынан 28 шетелдік азамат тысқары шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге 14 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.