14:41, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Қошқарбай аймағында сармат дәуірі жауынгерінің қалдықтары табылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы Қошқарбай аймағында сармат дәуірі жауынгерінің қалдықтары табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» мемлекеттік мекеме басшысы Талғат Ыбыраевтың айтуынша, шамаман екі-екі жарым мың жыл бұрын жерленген жауынгердің бойы 170 сантиметр, кесек денелі, сол қолы жанында темір қарудың бес ұшы, мыс пышақ табылды. Тарихшылардың пайымдауынша, бұл көне сармат дәуіріне жататын мүрде көрінеді. Жауынгердің бас сүйегі Алматыға сараптауға жіберілмек. Бұған дейін «Көкшетау» Ұлттық мемлекеттік табиғи бағы аумағында қорымнан табылған 30-ға тарта жәдігер де сонда жеткізілген болатын.