Көшпенділер ойындарының бесінші күні: Қазақстан қоржынында - 2 алтын медаль

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылар 8 медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

8 медальдың ішінде 2-і алтын, 2-і күміс, 4-і қола медаль. Атап айтқанда қысқа аралықтағы ат жарысы - құнан бәйгеде (1 600 метр) жерлесіміз Әділет Шынайдаровтың сәйгүлігі «Падиша Нұри» қола медальді жеңіп алды. Ал 2 400 метр қашықтықтағы ат жарысынан шабандоз Мерхан Бұлғынов «Дичато» арғымағымен алтын жүлдені иеленді.

nullҚырғыздың орда (асық ату) ойынында қазақстандық асықшылар қола жүлдені иеленді. Жамбы ату спортында Абзал Тұлыбеков күміс, Ерланхан Айкөз қола медальге ие болды. Бас жүлде Мажарстан мемлекетінің спортшысына бұйырды.

  null   «Түріктің аба күресінде 65 келі салмақта Әуесхан Құрбанқұлов алтын медаль жеңіп алды. Тәжіктің гурешінде 80 келі салмақ дәрежесінде қырғыз палуанымен күрескен Алмас Амалбек күміс медальді иеленді. Ал 60 келі салмақта Елдос Әбікенов қола медальді қанағат тұтты», - делінген хабарламада.

nullСонымен қатар, аударыспақтан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсететін бес спортшымыз да ертең өтетін ақтық бәсекеге жолдама алып отыр. Финалда олар қырғыз палуандарымен кездеседі.

nullКөкпаршыларымыз жартылай финалда өзбек спортшыларынан 4-5 есебімен жеңілді. 5 күннің қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 13-алтын, 17-күміс, 22-қола медаль (барлығы 52 медаль) бар.

Соңғы жаңалықтар