Көшпенділер ойындары: Теңге ілуден 31 спортшы жүлдеге таласып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін теңге ілуден жарыс күні басталды. 13 мемлекеттен келген 31 спортшы өзара жүлдені сарапқа салады.

Теңге ілу
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Әзірге «Бес белес» атты алғашқы кезеңнің нәтижесі бойынша қазақстандық Бекнұр Серіков топ бастап тұр.

Теңге ілу
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Екінші орынға моңғол спортшысы Айболат Ұнатқан жайғасса, үздік үштікті қырғыз Әділбек Кенжебекулы түйіндеп отыр.

Теңге ілу
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қазір спортшылар қос құлаш бойынша бақтарын сынап жатыр. Кейін теңге ілудің жеті құт түрінен сайысқа түседі.

Еске сала кетейік, көкпардан ақтық сында Қырғызстан көкпар командасымен сайысқа түскен қазақстандық шабандоздар 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесін қанжығалағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар