Көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның заттай емес мәдени мұраларының тізіміне енді – Симона Мирела Микулеску
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйек күні мәресіне жеткені белгілі. ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрайымы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының «Әлем және біз» бағдарламасында хабарланды.
«ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрайымы Симона Мирела Микулеску «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — нағыз ұлттық құндылықты сипаттайтын керемет шара. Сондықтан да ЮНЕСКО-ның заттай емес, мәдени мұраларының тізіміне енді. Бұл — мереке. Сондықтан барлық ұйымдастырушылар мен қазақ халқын құттықтаймын», - деп баға берді делінген.
8-13 қыркүйек күндері өткен көшпенділер Олимпиадасына 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салғанын еске сала кетейік.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны несімен есте қалғанын оқығыңыз келсе сілтемеге өтіңіз.