Көшпенділер ойыны: Қазақ балуандары тағы екі алтын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржыны тағы екі алтын жүлдемен толықты.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Оның бірін – ерлер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов жеңіп алса, екіншісін – әйелдер арасында 56 келі салмақта белдескен Роза Нұрмахамметова қанжығасына байлады.

Берекетов финалда әзербайжандық Е.Бакшиевты жеңсе, Нұрмахамметова шешуші бәсекеде ресейлік А.Фатихованы қапы қалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін 52 келі салмақта Назерке Азаматова жеңімпаз атанса, оған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар