Көшпенділер ойыны: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Пута нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды. Олардың ішінде үш қазақстандық садақшы бар.

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бүгін Пута нысанасын көздеуге Аустралия, Германия, Әзербайжан, Мажарстан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Йемен, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай сынды 33 мемлекеттен 180 спортшы бақ сынады.

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Жәнібек Құлмырзаев, Қанат Қасымхан, қырғызстандық Исхак Токонов, мажарстандық Ласло Кочка финалға шықты. 

Әйелдер арасында – қазақстандық Айкөркем Батихан, қырғызстандық Әсел Садырова, ресейлік Анна Алексеева және мажарстандық Корени Янка Юдит топ жарып шықты. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Финал ойындары бүгін Астанадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 16:00-де басталады. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Айта кетейік, Пута нысанасында ерлер 70 метр, әйелдер 60 метр нысананы көздейді. Әр спортшыға 7 мүмкіндіктен беріледі, әр мүмкіндікте 3 минут уақыт болады және 9 жебе атылады. 

Садақ ату
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Әр тиген оққа 1 ұпай беріледі, ең жоғры ұпай – 63. Ұпай сандары тең түскен жағдайда 9 жебемен тағы бір мүмкіндік беріледі. Тағы да тең түссе – нысананың ортасына ең жақын тиген оқ есепке алынады.