Көшпенділер ойыны: Қырғыздың алыш күресінен қазақ балуандары 8 медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қырғыздың ұлттық белбеу күресі алыштан жарыстар аяқталды.

а Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Нәтижесінде қазақстандық спортшылардан ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Тұрмаханбек Қалмұқан және 100 келі салмақ дәрежесінде Бекбол Нұрланұлы күміс жүлде жеңіп алды.

Нұржан Сәрсенғалиев (70 келі) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, әйелдер арасында 75 келіде отандасымыз Перизат Жақыпбекова күміс жүлдеге ие болса, 55 келіде Назерке Әбілтаева, 60 келіде Арайлым Ракиш және 65 келіде Айнұр Ақжігітова қола медальға ие болды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген Powerful nomad спортының жүлдегерлері анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар