Көшпенділер ойынына билет сатылымы неге уақытша тоқтатылды

көшп
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев биыл күзде елордада өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет сатылымының уақытша тоқтап қалу себебін түсіндірді.

«Билеттер zakazbiletov.kz сайты арқылы сатылып жатыр. Алғашқы билетті 22 наурызда дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды. Одан кейін сатылым сәл тоқтатылды, неге десеңіз, көшпенділер ойындары өтетін спорт кешендерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір барлық кешен жөнделді, билеттер қайта сатылымға шықты», — деді Серік Жарасбаев Астанада ШЫҰ саммитіне келген меймандарға көшпенділер ойындарына дайындық барысын таныстыру кезінде.  

Вице-министрдің мәліметінше, бүгінде көшпенділер ойындарына 500-ден астам билет сатылған. 

жарасбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Билеттер 500 теңгеден бастап 25 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Оның ішіне ойындарды тамашалаудан бөлек, шараның ашылу салтанаты да кіреді», — дейді ол. 

көшпенді
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Еске сала кетсек, көшпенділер ойындарына алғашқы билет биыл наурызда сатылды. 

Бүгін Астанада ШЫҰ саммитіне келген меймандарға көшпенділер ойындарына дайындық барысы таныстырылды. 

Қонақтар арасында Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия және Чехиядан келген делегаттар мен журналистер бар.

Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы құрылатыны белгілі болды. 

Делегатам ШОС показали пробную версию Всемирных игр кочевников в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар
telegram