Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Үкіметке осындай тапсырма берілді.

Қосшы
Фото: Ақорда

- Ұлттық құрылтайдың отырыстарын әр облыста өткізудің ұтымды тұсы бар. Алқалы жиында аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелер де қаралады. Менің тапсырмаммен бүгінгі басқосуға Ақмола облысының бір топ азаматы қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен жастар бар.

Мен осы аймақтың дамуына айрықша мән беремін. Сондықтан Ақмола облысындағы кейбір бастамалар мен жобаларға назар аударғым келеді, - деген Мемлекет басшысы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғанын еске салды.

- Жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуға кірісуі қажет. Қаланың Астана іргесінде тұрғанын және тұрғындарының саны тез өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл – өте өзекті мәселе, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды

Соңғы жаңалықтар