Қосшыда қаруланған жасақ жүр — полиция түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде көшеде қаруланған, оқ өтпейтін қорғаныс құралдарын киген полицейлердің видеосы тарады. Желідегі видеоға қатысты Ақмола облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Қосшыда қаруланған жасақ жүр - полиция түсінік берді
Фото: Александр Павский / Kazinform

— 2025 жылғы 28 наурызда Қосшы қаласының аумағында арнайы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты тұрғындарды сабырлық сақтауға, қауіпсіздік шараларын ұстануға және оқу-жаттығуға қатысатын құқық қорғау органдары өкілдерінің заң талаптарын орындауға шақырамыз, — деген жауап алдық департаменттен.

Осы орайда оқу-жаттығу кезінде көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

— Өткізілетін іс-шараға және уақытша болатын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жыл сайын ел өңірлерінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп тұрады

Айта кетейік, таяуда өткен қауіпсіздік кеңесінде Президент министрліктер жұмысын сынға алған болатын

Соңғы жаңалықтар