Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесті
АСТАНА. KAZINFORM — Қосшылық екі мұғалім мектепте төбелескен, қазір істі полиция қарап жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, қос ұстаз арасындағы төбелес сәуірде болған, бірақ полицияға арыз 22 мамырда түскен. Айта кетерлігі, екеуі де полицияға шағымданған.
— 2025 жылғы 1 сәуірде Қосшы қаласының тұрғындары арасында болған жанжал фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі (соққы беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады, — деген хабар алдық Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы айда Маңғыстауда мектеп оқушылары төбелесіп, бір бала ауруханаға түскені туралы жазған едік.
Сондай-ақ Алматыдағы сауда орталықтардың бірінде мектеп оқушылары төбелесті.