Қосшы маңындағы ірі жол апаты: Жолаушылар автобусы мен көліктер соғылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боран салдарынан елорда мен Қосшы қаласы аралығындағы жолда бірнеше автокөлік және автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосшы маңындағы ірі жол апаты: Жолаушылар автобусы мен көліктер соғылды

Әлеуметтік желідегі тараған видеода 10-нан астам көлік Қосшы қаласы маңында соқтығысқаны көрініп тұр. Олардың арасында жолаушылар автобусы да бар.


Видео авторы боранға байланысты тұрғындарды жолға шықпауға кеңес беріп тұр.

Елордалық полиция департаменті осындай жол-көлік оқиғасы болғанын растады. Оқиға орнына полиция наряды барған. Осы орайда көлік апатының себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін боран салдарынан елорда аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді.