Қосшыда полиция қызметкері шетелде жүрген азаматқа жалған айыппұл толтырып жіберген

Қосшы қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2021 жылдың мамыр айында Целиноград аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы С. есімді азаматқа қатысты тыныштықты бұзғаны үшін хаттама толтырған. Алайда, қала прокуратурасы осы істің заңдылығын тексеру барысында бұл адамның Ресейде болғанын және әкімшілік құқық бұзушылық жасай алмайтынын анықтады.
«Қосшы қаласының соты прокурордың наразылығы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық 437-бабының екінші бөлігі бойынша С.-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы іс жүргізу құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды. Сот шешімі 3 мамырда заңды күшіне енді», - деп атап өтті ведомстводан.
Учаскелік полиция инспекторына қатысты Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының «қызметтік жалғандық» белгілері, яғни құқық қорғау органы қызметкерінің ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Істің соңғы нүктесін сот қояды. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын сақтау әрқашан Қосшы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында болады», - деп түйіндеді ведомстводан.
Айта кетсек, Қосшыда ересек адам 10 жасар баланы ұрған болатын.