ҚОСШЫҒҰЛОВ ШАЙМЕРДЕН

1903 жылы Көкшетау уезінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күреске шақырған үндеу хат таратқаны үшін Сібірге айдалып, 1905 жылы бірінші орыс революциясы дүмпуімен айдаудан қайтқан. 1906 жылы қаңтарда Санкт-Петерборда өткен Бүкілмұсылмандар съезіне делегат болды. Съезде мұсылмандардың халықтық саяси партиясын құру қажеттігін қуаттаған. Партия бағдарламасын жасау жөніңдегі комиссия құрамына кірген. 1906-1907 жылдары 1 Мемлекеттік думаға Ақмола облысынан депутат болып сайланған.
1906 жылы Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезіне қатысып, оның төралқасына сайланады, съездің ағымдағы саяси ахуал, оқу және дін істері жөніндегі қаулыларын әзірлеуге қатысқан. Съезде құрылған «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымының Орталық Комитетінің құрамына сайланған. Екінші Мемлекеттік думаның депутаты болды. Мұсылман фракциясының құрамына енген.
1907 жылы Санкт-Петербор қаласында шығатын «Серке» газетін қаржыландырып, демеушілік жасаған. Діни және ағартушылық істермен шұғылданған. Кеңес өкіметі тұсында молда ретінде ұдайы қуғын көріп, саяси қыспаққа ұшыраған.
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қоғам ауылындағы орта мектепке қоғам қайраткері Шәймерден Қосшығұловтың есімі берілген.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том.