Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімдігінде орын алған жемқорлық туралы қылмыстық іске байланысты айыпталған 6 адамды қамауда ұстауға қосымша уақыт қосылды. Қамау мерзімін ұзарту тергеу органдарына алдағы жұмыс жүргізу, сондай-ақ қамауға алынған кейбір азаматтардың жаңа қылмыстарға қатыстылығын орнату үшін қажет болды.
None
None

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша ұстау абақтысында және үйде қамау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті Қостанай мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушілері түсірген. Сот бұл өтініштердің барлығын қанағаттандырды.

Атап айтқанда, Қостанай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жеңіс Шинкинді қамауда ұстау мерзімі үшінші рет ұзартылды. Бұл іс бойынша өтіп жатқан кәсіпкер Сергей Бобровный үй қамауында отыр, оны қамауда ұстау мерзімі де ұзартылған.

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарлары Фрунзик Аракелян мен Мақсұт Қалиев тергеу изоляторында тағы кем дегенде екі ай өткізеді. Оларды қамау мерзімдері желтоқсан айының басына дейін ұзартылған. Сондай-ақ, Қалиевтің ісі бойынша өтіп жатқан кәсіпкер Гагик Овнанян да тура сондай уақытын қамауда өткізеді.

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановты үй қамауында ұстау мерзімі де ұзартылған. Тергеудің мәлімдеуінше, мерзімді ұзарту қажеттілігі сараптамаларды өткізу және Ахметжановқа тағылуы мүмкін қылмыстардың жаңа эпизодтарымен жұмыс жүргізілуіне байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар