Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарының қамаудағы мерзімі рақымшылық бойынша қысқартылды

Айта кетейік, Қостанай қаласының биылғы жылдың 7 сәуіріндегі №2 сотының үкімімен қала әкімінің бұрынғы орынбасары Аракелян ҚР ҚК-нің 366 бабы, 3 тармағы және 2 тармақшасы бойынша (пара алу), оған мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 10 маусымдағы қаулысымен Аракелянға қатысты сот үкімі өзгертілді. ҚР ҚК-нің 55 бабы 4 тармағы негізінде оған берілген 7 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза 3 жылдан 6 айға дейін қысқартылды.
2016 жылдың 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» ҚР Заңына сәйкес, сот үкімімен берілген жазаның аяқталмаған бөлігі 6 ай 15 күнге қысқартылды.
Аракелянның жазасының өтелмеген уақытын жұмсағырақ жазамен алмастыру жөніндегі өтініші қараусыз қалдырылды. Қаулы әлі күшіне енген жоқ.