Қостанай ардагерлері Курск шайқасының 70 жылдық естелік медальдарымен марапатталды

ҚОСТАНАЙ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне естелік марапаттар тапсырылды. Бұл - атақты Курск шайқасының жетпіс жылдығы құрметіне Ресей Федерациясы Курск облысы билігі жариялаған арнайы мерейтойлық медальдар. Ұлы Отан соғысы тарихында кеңес әскерлерінің елді фашист басқыншыларынан азат етудегі Курск шайқасының маңызы зор.
None
None

Қостанай облысына награданың 24 жиынтығы жетті. Бұл күндері олар облыстың әр өңірінде тұратын ардагерлерге тапсырылуда. Олардың барлығы салтанатты тапсыру рәсіміне келе алмайды, сондықтан естелік медальдарды кейбір ардагерлердің үйіне әкеліп беруде.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин Қостанайда марапаттарды тапсыру кезінде шайқасқа қатысушыларға ескерткіш қойылған Курскінің Прохоровка ауылында болғанын әңгімеледі. Ол жеңімпаздарды құттықтап, Курск облысы губернаторының атынан жылы сөздерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар