Қостанай ауруханалары уақытша жылусыз қалады

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — 3 наурызда Қостанайда жылу магистраліндегі үзілісті жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар медициналық мекеме, соның ішінде облыстық аурухана мен перинаталдық орталыққа жылу беру шектеледі, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

аурухана
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жылу компаниясының нақтылауынша, 2026 жылдың 3 наурызында Қостанайда диаметрі 219 мм жер асты жылу магистраліндегі үзілісті жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Жылумен жабдықтау уақытша шектеу аймағына келесі мекенжайлардағы көппәтерлі бес тұрғын үй кіріп отыр: 

Летунов көшесі, 95 және 111; 

Шаяхметов көшесі, 110, 117А және 119А.

Шектеулер сондай-ақ бірқатар әлеуметтік және медициналық мекемеге әсер етеді: Қостанай облыстық ауруханасы, № 1 емхана, Қостанай перинаталдық орталығы, патологоанатомиялық бюро, Қостанай ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығы, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті. 

Үзілісті жөндеу және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары 3 наурыз күні сағат 9:00–ден 20:00–ге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Тұрғындар мен тұтынушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.

Осыған дейін Қостанай облысында ауыл мектебіндегі суыққа байланысты ата-аналар шағымданғанын жаздық. 

Сондай-ақ Павлодар ЖЭО-1 және Ақсудағы РОК-2 жылу стансасында биыл қыста ақаулар тіркелгені хабарланды. Өткен жылу беру кезеңімен салыстырғанда мұнда технологиялық заң бұзушылықтар саны екі есеге артқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум