16:41, 30 Наурыз 2013 | GMT +5
Қостанай автожолында жолаушылар автобусы аударылды, зардап шеккендер бар
ҚОСТАНАЙ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні кешке Затобол-Қостанай автожолында автобус аударылды. Оқиға салдарынан екі жолаушы зардап шекті.

Апатқа Toyota Mark автомашинасы мен Hyundai маркалы жолаушылар автобусы ұшырады. Ішінде бес жолаушысы болған автобус трассадан шығып кетіп, жыраға аударылды.
Оқиға орнына жол полициясы патрулі мен жедел жәрдем бригадасы шықты. Дәрігерлер жолаушыларды қарап шықты, екеуі түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Toyota көлігінің 27 жастағы жүргізушісінің айтуынша, Қостанайға қарай қозғалып келе жатқан ол, автобусты басып озған. «Осы кезде тайғанақ жолда машинаны бұрып әкетті, мен маневрді жасай алмай, автобуспен соқтығыстым», - деп келтіреді жүргізушінің сөзін ІІД баспасөз қызметі өзінің таратқан баспасөз айғағында.