16:25, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Қостанай қаласында неміс киносының фестивалі басталды
ҚОСТАНАЙ. 14 қараша. ҚазАқпарат/ Петр Плахотников / - Қарашаның 14-і мен 17-сі аралығында Қостанайда «КИНОгерМАНИЯ» фестивалі өтеді.
Оны Германия Елшілігі мен Бас консулдығы, сондай-ақ Швейцария Елшілігінің қолдауымен «Қазақстанның Гете институты» ұйымдастырды.
Фестиваль аясында Германия мен Швейцариядан халықаралық және ұлттық жүлделерге ие болған төрт фильм, атап айтқанда: «Джулияның жоғалуы», «Жұмақ шетінде», «Төрт минут» көркемсуретті картиналары, сонымен қатар «Ханшайымдар бассейні» деректі фильмі көрсетіледі. Фильмдер неміс тілінде орыс субтитрлерімен беріледі. Көрермендер үшін кіру тегін.