Қостанай маңында үй өртеніп, үш адам жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Заречный ауылындағы (Қостанай маңы) бір қабатты жеке үй өртеніп, үш адам мерт болды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оқиға орнында 7 арнайы техника мен жеке құрамнан 21 адам жұмыс істеді.

«Өрт аумағынан үш ер адамның денелері табылды: 24 жастағы Өзбекстан азаматы және 34-35 жастағы екі Қазақстан азаматы», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 50 литрлік 4 пропан газын шығарды, осылайша жойқын жарылыстың алдын алды. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құраған. Оқиғаның себептері әлі белгісіз, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар