Қостанай мектептерінде боранға байланысты екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Облыс орталығы мен аудандарда екінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Қостанай мектептерінде боранға байланысты екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Боранға байланысты 2025 жылғы 21 қаңтарда Қостанай мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы Сосновская орта мектебінің (Меңдіқара ауданы) барлық сыныптары мен Рудный және Лисаков қалаларындағы барлық сыныптар онлайн оқитынын хабарлады.

— Жітіқара және Қарасу аудандарындағы мектептердің 0-11 сыныптарының екінші ауысым оқушылары. Сондай-ақ, Амангелді және Жанкелді аудандарында бастауыш сыныптар, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазгидрометтің ескертуінше, бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Еске сала кетсек, елордада күн райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр

Соңғы жаңалықтар