04:21, 23 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қостанай мен Қызылорда облыстарында ауа райы күрт құбылады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қостанай мен Қызылорда облыстарында ауа райы күрт құбылатыны жөнінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз 23 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. Ал, 23-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ күтіледі. 23 желтоқсанда күндіз, 24-25 желтоқсанда тәулік бойында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.